12.05.2026, 9:15
Оқылды: 12

Мұнай өңдеу тереңдігі ашық өнімдер өндірісінің өсуі аясында 90%-ға жетті

Қазақстанда мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту жөніндегі жүйелі жұмыс жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 87,4%-дан 90%-ға дейін артты. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі жазды.

InShot_20260512_090910727

Атап айтқанда:

* Атырау МӨЗ – 85%-дан 88%-ға дейін;

* Шымкент МӨЗ – 86%-дан 88%-ға дейін;

* Павлодар мұнай-химия зауыты – 91%-дан 94%-ға дейін.

Көрсеткіштердің өсуі ашық мұнай өнімдерінің үлесін 70–79%-дан 75–81%-ға дейін ұлғайту есебінен, сондай-ақ Павлодар МХЗ-де битум өндірісін 366 мың тоннадан 426 мың тоннаға дейін арттыру арқылы қамтамасыз етілді.

2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда негізгі мұнай өнімдері өндірісінің өсімі тіркелді:

* автобензиндер – 5,7 млн тонна (107%);

* дизель отыны – 6,1 млн тонна (116%).

Мұнай өңдеу тереңдігін 94%-ға дейін одан әрі арттыру мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және олардың қуаттарын кеңейту есебінен жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале