27.08.2026, 22:00
Оқылды: 4

Оңтүстік Қытай кітап көрмесінде қазақ әдебиеті мен мәдениетіне арналған 100-ге жуық басылым таныстырылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Гуанчжоу қаласындағы China Import and Export Fair Complex кешенінде биыл 30-шы рет ұйымдастырылған Оңтүстік Қытай кітап көрмесі салтанатты түрде ашылды.

photo_5224663613933560839_y

Фото: madenietaqparat

Қазақстан бұл шараға екінші жыл қатарынан қатысып, өз ұлттық павильонын таныстырды. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің, дипломатиялық корпус пен Қытайдың мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Ұлттық павильонда Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, сондай-ақ қазіргі қазақ әдебиеті, балалар шығармалары мен этнографияға арналған 100-ге жуық кітап пен мәдени өнім қойылған. Көрме аясында «Түркістан» және «Шексіз музыка: Димаш» кітаптарының таныстырылымы өтіп, дәстүрлі қолөнер үлгілері көрсетілді.

Мәдени бағдарлама Бейжіңдегі Қазақстан мәдени орталығының, Qazaq-Oner ұлттық қауымдастығының, Елшілік пен Гуанчжоудағы Бас консулдықтың және Nomad Culture Foundation қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Айта кетейік, биыл министрлік пен ҚХР Мемлекеттік баспасөз және баспа істері басқармасы қол қойған меморандум аясында алдағы бес жылда екі ел әдебиетінің 30-ға жуық классикалық туындысын аудару жоспарланған.

Ауқымды көрме 27-31 тамыз аралығында өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале