27.08.2026, 14:45
Оқылды: 10

«Сырым батыр» командасы республикалық додаға жолдама алды

Сырым ауданындағы «Сырым батыр» көкпар командасын оқырмандар жақсы біледі. Құрылғанына көп жылдар өте қоймаса да, небір тартысты бәсекелерде есе жібермей, ауданымыздың атауын біраз жерге жаттатып келеді. Жер таңдамай жаттығып, қарсылас таңдамай топқа кіретін біздің жігіттер қай жаққа барса да, жұлдыздай жарқырап, үнемі жүлделі қайтады. Тіпті жарыстан алған жүлделерімен «Сырым батыр» командасы аудандық газеттің бір айдарына айналғандай. 

dd146306-80e9-428b-af3e-7c6a460c0b19

Палуандарымыз күні кеше тағы бір кезекті жүлделерін олжалап, елге сүйінші хабар жеткізді. Төлеби Қайыржанов бастаған жігіттер аударыспақтан ересектер облыс чемпионатының жеңіс мінберіне шықты.

Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылындағы «Жайлау» ат спорты кешенінде өткен дүбірлі додаға Сырым, Қаратөбе, Бөкейорда, Казталов, Бәйтерек аудандары, Орал қаласы және Ұлттық спорт мектебінің өкілдері қатысты. Нәтижесінде жерлестеріміз бір алтын, бір күміс және үш қола медаль еншіледі. 57 келі салмақта Нұрсұлтан Кенжебаев қарсыластарынан басым түсіп, І орын иеленсе, 100 келіде белдескен Төлеби Қайыржанов ІІ орын алды.

Ал 68 келіде Мейірбек Қанатов, 74 келіде Әспембет Қайыржанов, 94 келіде Теңізбай Нұрқанат ІІІ орыннан көрінді.

195a72d8-e408-46d1-8e58-32e7e3191e2a

Осылайша, Сырымның саңлақтары облыстық чемпионатта өздерінің мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Жүлдегер атанған палуандар қазан айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

 

Хазірет Қамысбай,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале