21.04.2023, 11:44
Оқылды: 363

Оралда «Қамқор» белсенді ұзақ өмір орталығы ашылды

Дәл қазір «Қамқор» белсенді ұзақ өмір орталығының салтанатты ашылуы өтуде.

A485FAD4-A8C3-48E2-AD75-7558A60CFDE9

Орталықтың ашылуына қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Исатай Джазықбаев, белсенді ұзақ өмір орталығының қызметкерлері және қызмет алушылары қатысуда.

2614E011-5B1D-4FDA-B26C-C033472229C2

– Бүгін қалада белсенді ұзақ өмір орталығы ашылуда. Зейнеткерлерге арналған орталық бірнеше бағытта жұмыс істейді. Мекемені бір жыл ішінде жобалап, даярладық. Бүгін шаһардағы алғашқы орталық бір жағынан жоба ретінде ашылуда. Алдағы уақытта қалада осындай орталықтарды көбейтетін боламыз. Орталық келушілерге өзінің бірнеше қызметтерін ұсынады. Белсенді ұзақ өмір орталығының ашылуымен құттықтаймын, - деді Мирболат Сағынғалиұлы.

Орталық аға буын өкілдерін қоғамның мәдени өміріне тарта отырып, оларды қолдау, дене шынықтыру мен спортқа, қызықты сабақтарға және ерікті қызметке тарту мақсатында жұмыс жасайды. Белсенді ұзақ өмір сүру мәдениетін  қалыптастыруға көмектеседі.

962D16D4-9CC7-4F14-B927-EEB8F04F27F5

Зейнеткерлік жастағы азаматтардың ішкі шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында жағдайлар жасайды.

Сонымен қатар орталық спорттық, сауықтыру объектілерін пайдалану және әлеуметтік туризмді дамыту арқылы зейнет жасындағы адамдардың бос уақытын тиімді ұйымдастырады.

0974D865-165F-4AD3-BB9E-27BE19D6F59D

Онда зейнет жасындағы жандарға әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық бағытында қызметтер көрсетіледі.

Айта кетейік, барлық қызметтер тегін ұсынылады. Белсенді ұзақ өмір орталығы Ғабдолла Тоқай көшесі, 39-үйде орналасқан.

DD32367C-0FAB-4A46-BFC5-A507D56B6504

4D87C5F0-DA6D-4DC7-82A8-BF21CB06E85F

7576087F-D2AA-48AA-81AC-5F2E18034150

A9992175-A1AE-4D0B-AAD7-802033E4529C

46775591-D8B2-4F2B-8469-089C2934B808

7050D3FC-8A72-4474-98A1-51B08672750D
931F3E08-5656-467D-94E5-E97B70469757

5A5DF135-3D44-43F7-80C6-FF8EACDF8A5A
A2E05BB9-F228-4C05-947F-2131952C22F7

47791757-DB69-4567-A50B-816271C608A2
479849DE-7D88-496B-A8D2-040BF6754E4E

99BB309A-7746-4005-A1D1-60A81619EE1E

Гүлмира Сансызбайқызы,

Суреттерді түсірген автор
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале