24.11.2020, 9:46
Оқылды: 58

Оралда қоғамдық мәслихаттарды енгізу ұсынылды

Бұл туралы бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-ның сұқбат алаңында айтылды. Аталмыш жиынның басты мақсаты –  Қазақстан Республикасы Президентінің қыркүйек айында жарияланған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында аталған бағыттарының бірі – мемлекеттік басқаруға азаматтық қатысымдылық бағыты бойынша талқылау жүргізе отырып, кеңестің құрылымдық жүйесіне жаңартулар енгізу.

IMG-20201124-WA0018

Батыс Қазақстан облысының аудандарымен өткен онлайн және оффлайн режимдегі кездесулердің модераторлық қызметін  «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесі мүшесі Айгүл Туркина атқарды.

Кездесуде ағымдағы сұрақтар қаралды. Оның ішінде бұрыннан келе жатқан –  қоғамдық кеңестер туралы, медиация институттары жөнінде мәселелер мен жаңарту-жандандыру бағыттары қаралды.

IMG-20201124-WA0017

Жиынға қатысушылардың пікірінше, мәслихат –  азаматтық пікірге ие көшбасшыларды біріктіруші алаңға айналуы тиіс немесе «Қоғамдық келісім» құрамына өзіндік пікірге ие көшбасшыларды жинау керекпіз.

-Бүгінгі қоғамдық тіршілігімізде әртүрлі қоғамдық кеңестер бар. Олар - аналар, ардагерлер, жастардың кеңестері. Мұндай жан-жақтылық жақсы, әрине. Дегенмен  олардың әрқайсысы өз алдына, өз міндеттерімен ғана жұмыстанып шектелмеуі керек. Яғни аталмыш кеңестерді үйлестіруші бір орталық керек-ақ, – деді «Қоғамдық келісім» КММ кафедрасының меңгерушісі Бекқали Біржанов.

Кеңейтілген онлайн талқылау жиыны аясында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айгүл Туркина:

- Біз аудандық қоғамдық келісім кеңестерінің басшыларымен кездестік. Кездесу барысында аталмыш кеңеске медиаторларды да қатысушы ретінде қосу керекпіз деп ойладық. Бүгінгі таңда, медиация – өңірімізде кеңінен қанат жайып келе жатқан салалардың бірі. Бұдан да  белсендірек жұмыс жасауымыз үшін қоғамдық ұйымдарда ақсақалдар институтын қалыптастыруға үлкен назар қою керекпіз. Себебі Ақсақалдар –  бүгінгі заманымыздың үгіт-насихатшылары, қоғам мен қоғамдық пікірді бір-біріне байланыстырушы көпір десек те болады. Аймақтың даму экономикасы мен білім беру мәселелерін үнемі тілге тиек етіп, жанашырлықпен уайымдайтын қоғамның әлеуметтік тобы – осы ақсақалдарымыз. Мысалы, биыл еліміздің тәуелсіздігіне  - 30 жыл. Бұл атаулы күнді жалпыхалықтық деңгейде тойлау керекпіз делік. Бұл орайда, құрамымыздағы ақсақалдар мен азаматтық белсенді көшбасшыларымыз халыққа бұл туралы түсінікті әрі қолжетімді етіп жеткізеріне күмәнім жоқ –  деді.

Сонымен қатар кездесуге қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының БҚО бойынша штабы бұл туралы:

- Қазір бюджеттің 4-деңгейі іске қосылды. Яғни ауылдық жерлердегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарының  қаржылық тәуелсіздігі пайда болады. Ендігі жерде, ауыл бюджетінің бөлінісі тікелей азаматтардың қатысуымен жүзеге асырылады. Бюджеттің жұмсалу жоспарын билік пен халық бірлесіп жасайды. Мұның өзі қоғамдық өмірге белсенді азаматтық иммунитетті қалыптастыруда үлкен маңызға ие деп ойлаймыз, - деді.

Қоғамдық кеңес – халықтың бірлігі мен болашаққа деген бірдей алаңдаушылық сезімдерін орталықтандыруда үлкен рөлге ие бірлестік. Мемлекет пен қоғам, қоғам мен адам, мемлекет пен халық арасында мықты байланысты қалыптастырушысы деп қабылдар болсақ, демек қоғамдық кеңестерге қойылып отырған жауапкершіліктің жүгі бүгінгі күні бұдан да ауырлағанын байқауға болады. Қоғамның белсенділігі артып, жақсы болашаққа жетудегі ынта-жігері бірдей болса, онда мемлекет те, оған сенген халық та, халыққа сенген ұлт та өзінің мамыражай, біртұтас әлемінде өмір сүре алады. Бұл жағдайға бастамашыл қадамдарды бүгіннен бастап қалыптастыру керекпіз. Ол үшін Қоғамдық кеңестердің жұмысын арттырып, оған қатынасушы тараптарды көбейте отырып, мемлекеттік басқаруға саналы түрде ой айта алатын, сауатты-азаматтық қоғамның көшін жасау керекпіз. Бұл - ең басты мақсат.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале