5.01.2020, 16:40
Оқылды: 214

Оралда республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталды

Оралда 2019-2020 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі өтуде, деп хабарлады БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірова.

bilim bas (1)

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептер оқушыларының арасында өткізіледі.

Олимпиада оқу жылы бойынша 4 кезеңде өтеді.

Бірінші мектепішілік кезең өтті. Бұл кезеңге мектепте барлық тілек білдірушілер қатыса алады. 2019 жылдың қараша айындағы мектепішілік олимпиадаға мектептерден 16 746 оқушы қатысқан.

bilim bas (3)

Екінші кезең аудандық және қалалық білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл кезеңде 4 078 оқушы білімін сынаған.

Бүгін Оралда олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Бұл кезеңге жалпы орта білім беретін және мамандандырылған мектептерден 455 оқушы қатысуда. Он екі ауданнан - 216, Орал қаласынан - 87 , облыстық мектептерден 152 оқушы келген.

Облыстық олимпиаданың қазылар алқасы құрамында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалымдары, оқытушылары мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының», Назарбаев Зияткерлік мектебінің өкілдері бар.

Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпидасының ІV қорытынды кезеңі Республикалық ұйымдастыру комитетінің ұйғарымымен 2019 жылдың наурыз айында Қарағанды (жаратылыстану-математикалық бағыты) және Талдықорған қаласында (қоғамдық-гуманитарлық бағыты) өтеді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале