БҚО Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Орал қаласының сауналары мен жалдамалы пәтерлерін тексеру бойынша жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізді.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өткізілген іс-шаралар нәтижесінде жеңгетайлықпен айналысқан Орал қаласының екі тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ олардың кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны анықталды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы «Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау» және ҚР ҚК-нің 134-бабы «Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту» бойынша тіркелген қылмыстық істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.
Егер сіз осындай құқық бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, 102 нөміріне немесе «116-16» сенім телефонына қоңырау шалуыңызға немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуыңызға болады.
zhaikpress.kz
12:1525.01.2023
Оралда бос жұмыс орындары жəрмеңкесі өтті
11:4525.01.2023
«Шәкәрімнің өмірі – өлеңінде»
21:1719.01.2023
Джузеппе Роделли елге келді. Жұмысшылар тарады. Ақсай қаласында не болып жатыр?
16:1516.01.2023
Адвокат Жомарт Ерназаров: «Енді банк азаматтардың жалғыз баспанасын тартып ала алмайды»
25.01.2023, 12:15
25.01.2023, 11:45