17.04.2023, 16:30
Оқылды: 49

Оралдық полицейлер мас күйінде көлік жүргізген қос құрбыны ұстады

Оралдық полицейлер мас күйінде көлік жүргізген қос құрбыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

D5557CCA-0175-493E-A89D-63233AC8252A

Ішімдік ішкен екі әйел қала көшелерімен көлікті тізгіндеп келе жатқан уақытта олардың артынан патрульдік көлік келе жатқанын байқаған. Жауапкершіліктен құтылу үшін жүргізуші жолаушы орнында отырған көлік иесімен орын ауыстырмақ болған.

Полиция қызметкерлері қаладағы мейрамханаларының бірінің жанында Daewoo Matiz автокөлігін тоқтатты. Полицейлер жүргізушінің жолаушымен қалай орын ауыстырғанын байқап, жедел шара қолданды. Мән-жайларды анықтау кезінде автокөлікті басқарған 30 жастағы К. есімді бикеш осыдан бұрын да мас күйінде көлікті жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша құрбысымен орнын ауыстырып, рөлге отырған 30 жастағы Ж. есімді автокөлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұстау кезінде көлік иесі де мас күйде болған, тіпті автокөліктен түскен уақытта өз-өзіне ие бола алмай, жерге құлады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале