Өтініштің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ өтініштің жол берілу шарттары «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңның 44 және 45-баптарында белгіленген.

Сурет: gov.kz
Өтініште қандай нормативтік құқықтық актінің немесе оның қандай нормасы не ережесі дауланып отырғанын, өтініш берушінің (өтініш субъектісінің) нақты қандай конституциялық құқықтарына тікелей әсер ететінін және аталған актінің, оның нормасының немесе ережесінің Конституцияға қайшы келуі неден көрінетінін көрсету маңызды. Сонымен қатар өтініште өтініш беруші туралы мәліметтер, өтініш жасауға негіз болған мән-жайлар, құқықтық негіздеме және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де мәліметтер көрсетілуге тиіс.