2.04.2024, 12:14
Оқылды: 319

Париж Олимпиадасы: жүлде алған боксшыларға қанша сыйақы беріледі?

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап, ауызашар ұйымдастырды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

fb37aa5a-c804-4360-a197-c806ef347918
Фото: prosports.kz

Сондай-ақ жақында Италияда өткен Әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен Ұлттық құраманың бапкерлер алқасы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді.

Бұдан бөлек, Ұлттық құрамамыздың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

Сонымен қатар жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды:

1-орын: 220 000 $
2-орын: 120 000 $
3-орын: 70 000 $
4-орын: 30 000 $
5-орын: 10 000 $

Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале