20.05.2021, 9:15
Оқылды: 104

Вакцина салдырған 104 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырғандар арасында 104 адам СOVID-19 жұқтырған. Бұл ретте ведомство өкілдері барлық пациент вирусты вакцинация кезеңінде жұқтырғанын атап өтті.

вв

"Біз вакцинациядан кейін, бірінші және екіншісі компоненттен кейінгі сырқаттанушылыққа міндетті түрде мониторинг жүргіземіз. Жалпы еліміз бойынша бірінші компоненттен кейін аурудың 541 жағдайы тіркелді. Екінші компоненттен кейін - 104 жағдай", - деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

Ол бұл ақпаратты "дұрыс түсіндіру керек" екенін айтты. Себебі бұл адамдар инкубация кезеңінде – 14 күн ішінде ауырған.

"Яғни, олар жұқтырған соң барып вакцина салдырған", - деді Есмағамбетова.

"Біз "Спутник V"-ның тиімділігі 92 пайыз екенін білеміз.Қалған сегіз пайызында иммундық жауап болмайды делінді.

Статистика вакцинацияның тиімді екенін дәлелдейді, бірақ ешкім вакцина аурудан 100 пайыз қорғайды деп айтпады, айтпайды да", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

 

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале