29.01.2020, 14:28
Оқылды: 265

Жаңақала ауданындағы 8 мектепке күрделі жөндеу қажет

Жаңақала ауданы орталығындағы ауылішілік жолдардың 16,4%-да асфальт жабыны бар. Яғни 67 көшенің 11-не төселген.

 janaqala esep 2020 (31)

-Аудан орталығындағы 6,2 шақырым көше жолының құрылысына жобалық-сметалық құжат жасалды. Жоба құны - 759 млн. теңге. Тоғыз ауылдық округте кірме жолдардың барлығы да күрделі немесе орташа жөндеуді қажет етеді. Соңғы жылдары автокөлік санының артуына байланысты жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығында жаяу жүргіншілер жолын салу қажеттілігі туындады. Осы мәселені шешу үшін аудан орталығында ұзындығы 3,5 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолын салуға екі жобалық-сметалық құжат әзірленді. 1,3 шақырым тротуар құрылысына қаражат бөлінді. Жұмысы биыл жүргізіледі, - деді Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшин.

janaqala esep 2020 (15)

Айта кетейік, аудандағы 8 мектепке күрделі жөндеуді қажет. Жаңақазан және Пятимар ауылындағы мектепті күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындалған. Сонымен бірге Жаңақала ауылындағы 360 орындық №3 мектепте 800-ге жуық оқушы білім алуда. Аталмыш мектеп алдағы жылдары 3 ауысымға көшеуі мүмкін. Осыған байланысты 130 орынға арналған жапсарлас ғимарат құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжат жасалмақ.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале