29.01.2020, 14:34
Оқылды: 102

Жаңақалада 2020-2022 жылдары 36 нысанның құрылысы қаржыландырылады

Облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстары мен әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуді қаржыландыруға 2020-2024 жылдарға арналған облыстың 5 жылдық жоспары жасалды. Жаңақала ауданының жоспары да әзір тұр.

janaqala esep 2020 (17)

-2020-2022 жылдары қаржыландырылатын жобалар облыс орталығында қорғаудан өтті. Атап айтқанда, аталған жылдарға 9,7 млрд.теңгеге 36 нысан құрылысы мен күрделі жөндеу жұмысы жоспарланып отыр.

janaqala esep 2020 (29)

Білім саласында – 9, мәдениет және спорт саласында – 4, тұрғын үй және инженерлік-инфрақұрылым құрылысы – 9, сумен қамту үшін – 5, газбен қамту – 1, жол саласында – 3 ж, абаттандыру үшін – 2, гидротехникалық нысандарға арналған – 2 жоба жүзеге асады, - деді Жаңақала ауданының әкімі Н.Қарағойшин.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале