ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО-дағы департаменті жанындағы облыстық ақпараттық-насихат штабының мүшелері Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың студенттерімен кездесті.
Шараға облыстық ақпараттық-насихат штабының мүшесі М.Әнесов, департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Р.Мұратов, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.
М.Әнесов қатысушыларды облыстық штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі