Жәнібек ауданында ауылдың ажарын келтіру, көркейту жұмыстары жалғасын табуда. Биыл аудандағы «Символ» ЖШС жергілікті бюджет қаржысы есебінен Жәнібек ауылындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті аудандық бөлімшесінің бұрынғы ғимаратын 5 млн. 780 мың теңге қаржыға ағымдағы жөндеуден өткізсе, «Мәжитова» жеке кәсіпкерлігі аталған ауылдағы жолаушылар бекетін 2 млн. 222 мың теңгеге осындай жөндеуден өткізді. Сондай-ақ осы ауылдағы Ғ.Қараш және М.Ықсанов атындағы көшелерге жарық көздерін ауыстыру жұмыстарына 4 млн. 32 мың теңге қаржы жұмсалынды.
Н.Жапақов