11.11.2016, 12:17
Оқылды: 24

200 кішкентай спортшы қатысқан шара

%d0%b0%d1%88%d1%8b%d2%9b-%d0%b5%d1%81%d1%96%d0%ba-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96   Бөкей Ордасы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі аудан орталығындағы ғимаратында  мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Ашық есік» күнін өткізілді. Онда аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті шәкірттері жаттығу залында түрлі тренажерлермен жаттықса, үстел теннисі, дойбы, дартс ойындарын ойнап көрушілер де аз болмады. Шара соңында балаларға дәмді дастархан жайылып, тәттілер таратылды.


   Кіші топтар арасында «Көңілді старт» ойындары, шағын футболдан жарыс оздырылды. Мұндай шаралар мектебіміздің Орда, Бисен, Мұратсай, Ұялы ауылдық округтердегі филиалдарда да өз жалғасын тауып, 200-ден астам кішкентай спортшылар қатысты.

 Н.САРИЕВ

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале