8.11.2016, 11:17
Оқылды: 17

Қоғамдық келісім кеңесінің ІІ форумы

%d2%9b%d0%be%d2%93%d0%b0%d0%bc%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d1%96%d1%81%d1%96%d0%bc-%d0%ba%d0%b5%d2%a3%d0%b5%d1%81%d1%96%d0%bd%d1%96%d2%a3-%d1%96%d1%96-%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bc%d1%8b         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Шыңғырлау ауданында үстіміздегі жылдың 2 қараша күні  «Қоғамдық келісім-тәуелсіздік негізі» атты аудандық қоғамдық келісім кеңесінің ІІ форумы өтті. Форумға аудан әкімінің орынбасары Т.Каюпов, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ж.Ихсанова, «Қоғамдық келісім» КММ бас медиаторы Т.Италиева, сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, кәсіби емес медиаторлар, жастар және БАҚ  өкілдері қатысты.

Аудандық форум барысында аудан әкімінің орынбасары Т.Каюпов, аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасы С.Сәмиев аудан көлеміндегі  қоғамдық келісім кеңестері туралы баяндама жасап,  1 аудандық, 8 ауылдық қоғамдық келісім кеңестері жұмыс жасайтындығы, олардың басты мақсаты - ортақ табысты баянды етуде, алтын бесік – ауылымызды көркейтуде, адамдар арасындағы өзара түсіністікті қалыптастыруда, орын алған түрлі келеңсіздіктердің, наразылықтардың алдын алуға бағытталғандығы жөнінде атап өтті.

Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ж.Ихсанова қоғам тыныштығы ең бастысы отбасы тәрбиесі, әке мен ананың, осы орайда қоғамымыздағы беделді ақсақал әкелеріміз бен ақ жаулықты аналардан құралған қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі туралы баяндады. «Қоғамдық келісім» мекемесінің бас медиаторы Т.Италиева өзара келісімге келуде медиацияның ерекшеліктері, маңыздылығына кеңінен тоқталып өтті. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  А.Сұлтанов, Қарағаш ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы С.Темірғалиева, «Березка» орыс ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Т.Кишкина өз қызмет саласы бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасап өткен соң форум жұмысы қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

А.Садықова

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале