11.07.2016, 11:49
Оқылды: 24

Өңір басшысының орынбасары – Сырым ауданында

Сырым ауданындаБатыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев Сырым ауданында жұмыс сапарымен болды.


Өңір басшысының орынбасары сапарын аудан орталығындағы Данил су қоймасынан бастады. 2-ші су көтеру стансасында болып, Жымпиты, Өлеңті ауылдарының ауыз су желісімен танысты. «Сырым» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастығы Р.Тасқалиев ауданның су беру жүйесін карта арқылы түсіндірді. Бағдат Оразалдыұлы бүгінде су аудан орталығынан тасымалданып жеткізіліп тұрған ауылдардың ауыз су мәселесін шешуге жұмыстанатынын айтты.

Б.Азбаев күннен-күнге көркейіп, халық саны өсіп келетін аудан орталығының Қарасу мөлтекауданындағы 93 тұрғын үй құрылысы алаңының инженерлік-коммуникациялық жүйелерін дамыту және жайластыру жұмыстарымен танысты. Қарасудан балабақша салу мәселесін қолға алуға көмектесетінін білдірді өңір басшысының орынбасары. Бұлан ауылындағы орта мектептің жылыту маусымына дайындығын тексеріп,  әзірлік барысымен танысты. «Достық» лагеріне ат басын бұрып, демалып жатқан балалармен емен-жарқын әңгімелесті. Лагердің ішін аралап, күрделі жөндеуге жүргізуге  атсалысатынын айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, сонымен қатар, Тоғанас ауылындағы  Аңқаты өзенінің  су қоймасының су өткізгіш жүйесін де арнайы барып көрді.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале