22.04.2019, 11:38
Оқылды: 37

Ақжайықта әжелер ансамблі сайысқа түсті

Ақжайық ауданында «Асыл әжелер» атты әжелер ансамблі арасында байқау ұйымдастырылды. Шараға Ақсуат, Алмалы, Атамекен, Базаршолан, Жамбыл, Жаңабұлақ, Қабыршақты, Қарауылтөбе, Шабдаржап, Мерген, Сарытоғай, Тайпақ және Жайық ауылдарынан өнер ұжымдары қатысты.

 IMG_2202

         Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов өзінің құттықтау сөзінде еліміздегі қоғамдық-саяси айтулы өзгерістерге толы кезеңде жұртымызға рухани дәулет сыйлап жүрген әжелерге риясыз көңілден ризашылығын арнады.

         Байқауға қатысушы ұжымдардың әрқайсысына халық әнін және ақын, композиторлардың бір әнін орындау шарты қойылды. Қаншама жыл өтсе де көнермейтін, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, халқымызға рух сыйлап келе жатқан халық әндері, Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Бахытнұр Қызырбайқызы сынды композиторлардың шығармалары шырқалды.

         Айтулы шара қорытындысымен жайықтық «Асыл әжелер» ансамбліне І орын берілді. Екінші орынды жаңабұлақтық «Ақтілеу» ұжымы иеленсе, ІІІ орынды тайпақтық «Ақтілек» еншіледі.

         –Ансамбльдің құрамындағы жандар ауданымызға, облысымызға өнерлерімен танылып жүр. Осында ансамбль құрудағы мақсатымыз – жастарды дәстүрлі халық әндерімен сусындатып, ұлттық музыкалық аспаптармен жақын таныстыру, - дейді қабыршақтылық ансамбль мүшесі Дина Сағаденова. Бес бала тәрбиелеп өсірген ол бүгінде немерелерін өнерге баулып жүрген ардақты әже. Сондай-ақ түрлі спорттық шараларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мәселен, қол күресінен және жүгіруден облыс чемпионы атанған.

         -Кейінгі жастарға Жұбан Молдағалиевтың, Қадыр Мырза Әлидің, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін насихаттаудамыз,- дейді қарауылтөбелік «Ақ әжем» ансамблінің мүшесі Арысты Сражанова.

Әли Асқар,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

IMG_2207

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале