Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта көше кезген қараусыз мал қамалатын айыппұл тұрағы ашылды. Алғашқы болып мұнда 5 бас ірі қара қамалды. Бұлардың иелеріне алдымен ескертілетін болады. Ал түліктер көше «қыдыруын» қоймаса, олардың иелері тиісті әкімшілік жауапкершілік тартылады.
- Егер қараусыз мал көше ластап, жасыл желекті бүлдірсе, көлік қозғалысына қауіп төндірсе, мал иелері әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы ықтимал,- дейді жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Бейімбет Ермеков.
Бекем Бекұлы,
суреттерді түсірген Азамат Қанапия,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер