20.11.2019, 16:56
Оқылды: 508

Бәйтерек ауданында көшелер мен ауыл атауларын өзгерту туралы ұсыныс берілді

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» заңының және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысына сәйкес ауданның 19 елді мекенінде өткізілген жергілікті қоғамдастық жиналыстарының нәтижесінде 113 көше, 3 елді мекен – Чесноков, Красный Свет, Владимировка ауылы атауын заман талабына сай қайта атауға ұсыныс берілді.

logo-768x512

-Жергілікті қоғамдастық жиналыстырының шешімдері 2019 жылдың 12 қараша күнгі аудандық «Ауыл тынысы» газетінің №45 (7834) және 2019 жылдың 19 қараша күнгі №46 (7835) сандарына жарияланды, - дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов.

Жоғарыдағы ауылдық округтерден түскен жергілікті қоғамдастық жиналыстырына қатысты құжаттар жинақталып, облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады.

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале