25.06.2020, 10:05
Оқылды: 77

Бөкей ордада кәсіби мерекелеріне орай үздіктер марапатталды

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР мемлекеттік қызметшілері және Қазақстан полициясы күніне орай арнайы жиын өтті. Еңбегімен еленіп,  қызметтік міндеттерін адал атқарған бір топ сала мамандары мен тәртіп сақшылары марапатталды.

441FDADA-43D4-4D97-B338-8EC54ACA950D

Аталмыш шара салтанатты ант беру рәсімінен басталды. Мемлекеттік  қызметтің тізгінін қолға алған Сайқын ауылдық округінің әкімі Нұргүл Омарова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жоламан Сисенғалиев, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Қуанышбек Болатовтар өз міндеттерін адал атқаруға ант берді.

Бұдан соң аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, абырой биігінен көріне берулеріне тілектестігін білдірді. Облыс басшысы Ғали Есқалиев пен аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың алғысхаттарын табыс етті. Атап айтсақ, облыс әкімінің алғысхатына аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бисенбек Насимоллин, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ерлан Нүркеновтер ие болса, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті басшысының алғысхаты аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы Олжас Нүркенов пен Сайқын ауылдық округінің бас маманы Ляззат Әнесоваға берілді. Аудан басшысы Нұрлан Рахымжановтың алғысхатымен Мұратсай ауылдық округінің әкімі Жалғас Ташуов, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Мейрамбек Ғиылманов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Нұркен Топасов, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас маманы Айдар Кішімов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аслан Бижанов марапатталды.

Қоғамның тыныштығы үшін еңбек етіп жүрген тәртіп сақшылары да төл мерекелерінде елеусіз қалмады. Аудан әкімінің алғысхатына ие болғандар қатарында аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Аслан Сансызбаев, уақытша ұстау изоляторының полицейлері Жұмагелді Кенжеғалиев, Ернұр Ерболатұлы, полиция бөлімінің полицей-жүргізушісі Сыйбағат Аманат та бар. Сондай-ақ қоғамның қауіпсіздігін нығайтуға және өңірлік деңгейде коронавирусқа қарсы күреске қосқан үлестері үшін "Әскери барлау ардагерлер одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Жаманқұловтың атынан  "Қазақстан патриоты" медалі аудан әкімінің орынбасарлары мен бір топ сала басшыларына берілді.

Арайлым Марат

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале