14.09.2026, 21:45
Оқылды: 7

Бөкей ордасы ауданында алдағы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Қыс мезгілінде әлеуметтік нысандар мен мекемелердің тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылып, бірқатар нысанның жай-күйі тексерілді.

FB_IMG_1789401766502

​Аудан әкімінің орынбасары Азамат Мұхамбетжанов бастаған топ мекемелердегі жылу жүйелерінің, қазандықтардың техникалық әзірлігін және қажетті отын қорының жеткіліктілігін зерделеді.

FB_IMG_1789401724916

Тексеру барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуына баса мән беріліп, мекеме басшыларына анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою және маусымды штаттық режимде бастау жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

FB_IMG_1789401731492

Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале