ҚР АШМ ВБжҚК БҚО аумақтық инспекциясының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Мұрат Сисенбаев Бөкей ордасы ауданында болып, «VetLab» платформасының мүмкіндіктерін түсіндірді.

Аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршиновтың төрағалығымен өткен жиынға балалар тағамына жауапты мамандар, мектеп пен балабақша басшылары және медбикелер қатысты.

Басқосу барысында Мұрат Сейітқалиұлы саланың цифрландырылу тарихына тоқталып, 2003 жылдан бастап атқарылған жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ бүгінде кеңінен қолданысқа ие болған «VetLab» платформасының маңызы мен мол мүмкіндігіне егжей-тегжейлі тоқталып, мұндай жүйе ТМД елдерінің тәжірибесінде жоқ екенін атап өтті.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы