14.09.2026, 21:30
Оқылды: 8

Бөкей ордасы: Ұлағатты ұстаз Бақытжан Сиықұлының 95 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті

Бөкей ордасы ауданындағы Б. Жәнекешев атындағы орта мектепте ардақты ұстаз Бақытжан Сиықұлының 95 жылдығына арналған «Ұстазы жақсының...» атты еске алу шарасы ұйымдастырылды.

FB_IMG_1789401316184

Рухани басқосуға физика-математика ғылымдарының докторы, ауданның құрметті азаматы Мирболат Сихов, аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Омарова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашев, сондай-ақ ұстаздың әріптестері мен оқушылары қатысты.

FB_IMG_1789401324898

​Шара аясында Мирболат Бақытжанұлы аудан мектептерінің математика пәні мұғалімдеріне шеберлік сабағын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті.

Мектеп қабырғасында ұстаз атындағы математика кабинетінен арнайы бұрыш ашылып, ұлы әкесіне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдіре отырып, білім ошағына 2 000 000 теңгенің сертификатын сыйлады.

FB_IMG_1789401341439

Жиын соңында мектептің мәжіліс залында естеліктер айтылып, ұлағатты жанның өмір жолы дәріптелді.

Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале