23.05.2024, 22:30
Оқылды: 0

Бөкей ордасы ауданында фракция отырысы өтті

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының депутаттық фракция отырысы өтті. Фракция жетекшісі Қайрат Насимуллин төрағалық еткен жиынға аудандық мәслихат депутаттары мен дербес бөлім басшылары онлайн және оффлайн форматта қатысты.

IMG-20240523-WA0115

Жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Олар: 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөнiндегi бағдарламалар және Бөкей ордасы ауданы бойынша 2024-2025 жылға жылыту маусымына дайындығы, аудан бойынша республикалық, облыстық, аудандық және ауылішілік жолдардың жағдайы мен күтімі.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Сисеновтің есебі тыңдалды.

Медет Исаұлына фракция мүшелері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.

Жиын соңында фракция жетекшісі Қайрат Насимоллин жиынды қорытындылап, хаттамалық тапсырмалар берді.

Ақсәуле Әлжанова,

Бөкей ордасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале