29.04.2019, 11:15
Оқылды: 36

Бөрлі ауданының барысы анықталды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысының» Бөрлі аудандық іріктеу турнирі өткізілді.

kures (5)

         Боз кілемде өгіз палуандар мен түйе палуандар кездесіп кім мықтыны анықтады.

Сайыста өгіз палуандар (80 келіге дейін) арасында 15 спортшы, түйе палуандардың сынында (80 келіден жоғары) 11 спортшы бақ сынады.

kures (2)

Жарыстың қорытындысында өгіз палуандар арасында ешкімге есе бермеген Қайрат Шарипов І орынды алса, ІІ орынды Ильяс Ихсанов, ІІІ орынды Төлеген Жұмағазиев иеленді.

Түйе палуандар тартысында І орын мықтылығын танытқан Темірлан Көлбайдың еншісіне бұйырды. Серік Калимулла ІІ орыннан көрінсе, ІІІ орынды Талғат Кенжегарин алды.

Түйе палуан атанған палуанға «АИР-GROUP» компаниясының директоры Нұргелді Саратаев 50 000 теңгеге демеушілік танытты.

Айта кетейік, Темірлан Көлбай 4-5 мамыр аралығында Бәйтерек ауданында өтетін «Қазақстан Барысының» облыстық іріктеу турниріне қатысатын болады.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

kures (3) kures (4)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале