21.11.2017, 15:49
Оқылды: 23

Дала өртінен келген шығын төтенше жағдайлар резервінен өтелуде

Dala ortendi 04Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

- Қыркүйек айында ауданның Аралтөбе, Алғабас, Бұлан ауылдық округтерінде дала өрті тіркелді. 4700 га-ға жуық жер көлемі өртеніп, тұрғындардың қораларына, мал азығына және ірі қара малдарына шығын келген болатын. Осы дала өрті салдарынан келтірілген шығындар облыс әкімдігінің қолдауымен төтенше жағдайлар резервінен өтелуде.

Ауыл шаруашылығына тоқталсақ, өндірілген өнім 6,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға өсті.

Аудандағы шаруашылықтардың барлық санаттарында өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда мал басы саны артты.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын орындау мақсатында «Береке» бағдарламасы бойынша ауданда 4 кооператив құрылып, бүгінгі таңда осы кооперативтер мемлекеттен 240 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, 1167 бас бұқашықтар сатып алды. Алдағы уақытта осы кооперативтер арқылы ет өнімін экспорттауға мүмкіндік болады және жоғары сапалы ет өнімін өндіруге қол жеткізіледі.

Сонымен қатар,  «Шідерті», «Иманғали», «Хамза», «Нұрдаулет» шаруа қожалықтары ірі қара малдарын бордақылауға қойып, олардың санын  1000 басқа дейін жеткізетін болады, - деді әкім баяндамасында.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале