29.07.2020, 12:13
Оқылды: 74

Екі адамға айыппұл салынып, екі іс қозғалды

Карантин тәртібін бұзып, талаптарына мойынсұнбаған тұлғалар айыппұлға ілігіп, екі бірдей әкімшілік іс қаралу үстінде.

74DD6995-0B59-4B41-B1EF-E4F87A68EDD3

Бөкей ордасы ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын басқарманың басшысы, ауданның бас санитары Света Рамазанова мұндай тәртіп бұзушылық фактілері дәріхана, дүкен, «Қазпошта» бөлімшесі – жалпы көпшілік шоғырланған алғашқы қажеттіліктерді сататын, өзге де қызметтерді көрсететін орындарға жүргізілген мониторинг барысында және рейд кезінде анықталды дейді.  

Өткен аптада карантин кезінде өзінің жеке көлігімен түнгі 23.00-ден кейін көше кезіп жүргені үшін 2 жеке тұлғаға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынған.  Қаралу үстіндегі екі іс карантиндік шектеу уақытынан кейін де тұтынушыларға қызмет көрсеткен екі дүкенге қатысты қозғалыпты.

-Ескертетін жайт, 15 АЕК ол айыппұлдың жеңілдетілген түрі. Ол бір апта көлемінде төленіп болуы шарт. Егер төленбесе, оны екі еселенген, яғни 83340 теңге көлемде төлеу керек болады. Айыпталушы бұл талапты бір ай көлемінде орындамаса, онда іс сотқа жолданады. Ал заңды тұлғаларға белгіленген айыппұл көлемі 638 940 теңге болмақ. Оның жеңілдетілген түрі тиісінше екі есе төмен. Осы ретте, барлық аудан тұрғындарын сақтық шараларына бейжай қарамауын сұраймыз. Әрі мұндай тексеру рейдтері тек орталықта ғана емес, ауылдық округтерде атқарылып жатқанын көпшіліктің қаперіне беремін,-дейді бас санитар Света Қадемиқызы.

Раушан Жанатқызы,

Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале