21.05.2021, 18:13
Оқылды: 133

Індетке тосқауыл болайық

Жаһанды жайлаған аты жаман індеттің екпіні қатты екені мәлім. Осынау аса қауіпті індеттен құтылудың және оны тоқтатып, таратпаудың бірден-бір жолы – вакцинаны қабылдау.

Есенгалиева Бегайым 1

Мен таяуда коронавирус дертіне қарсы «Спутник V» вакцинасын алдым. Бұл сақтық пен ұлт денсаулығы үшін және өз денсаулығыма деген жауапкершілік деп санаймын. Сондай-ақ балалар бөбекжайында қызмет еткен соң күнбе-күн кішкентай балалармен жұмыс жасауға тура келеді. Ал коронавирустың өршіп тұрған уақытында өзіңе және өзгеге қауіп тудырмаудың маңызы зор. Сол себепті инфекция одан сайын ушықпасын десек, екпе қабылдауымыз керек.

 

Бегайым Есенғалиева,

Жаңақала балалар бөбекжайының меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале