18.06.2026, 21:30
Оқылды: 6

Қараөзендегі ерлік: Жалпақтал тұрғыны 9 жасар баланы ажалдан арашалады

Жалпақтал ауылының тұрғыны Еламан Мусин Қараөзен өзенінде суға кете жаздаған 9 жасар баланы ажал аузынан арашалап қалды.

WhatsApp Image 2026-06-18 at 21.27.08

Қауіпті сәтте дер кезінде көмекке ұмтылған азаматтың қырағылығы мен жанкешті әрекетінің арқасында бүлдіршін аман қалды. Бүгінде баланың денсаулығы мен жағдайы қалыпты. Оқыс оқиғадан хабардар болған Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібекұлы ерлік көрсеткен жерлесін арнайы қабылдады. Ауыл басшысы Еламан Максимұлының батылдығын жоғары бағалап, оған тұрғындар атынан алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.

Ауыл әкімі Ғаділбек Әлібекұлы өз сөзінде Еламан Мусиннің бұл әрекеті нағыз бейбіт күннің ерлігі екенін атап өтіп, оған шынайы ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол қазіргі уақытта мектеп оқушыларының жазғы демалысы екенін ескертіп, ауыл тұрғындарын балалардың қауіпсіздігіне баса мән беруге, сондай-ақ оларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға шақырды.

Қыдыр Харесұлы,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале