1.12.2019, 15:22
Оқылды: 167

Қол күресінен Сырым ауданының ашық біріншілігі өтті

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған қол күресінен Сырым ауданының ашық біріншілігі өтті. 18 команда, 200-ге жуық спортшы қатысқан дода тартысты өтті.

IMG-20191201-WA0099-800x600

Жарысқа 2004 жылы туған ұлдар, 2005 жылы туған қыздар, ересектерден барлығы 18 команда, 200-ге жуық спортшы қатысты. Оның ішінде Қазталов, Тасқала, Қаратөбе, Ақжайық, Теректі аудандары, Орал қаласындағы 4-ші және 5-ші спорт мектебі, Жымпиты, Бұлдырты,  Сарой, Талдыбұлақ, Қособа, Тасқұдық, Тоғанас ауылдары, Қ.Мырзалиев атындағы мектеп, Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп, Сырым лицейі командасы бар.
Салтанатты ашылу рәсіміне Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Салауат Нұрпейісов, Батыс Қазақстан облысы қол күресі және гір спорты федерациясының президенті Мұрат Ибатов қатысып, жас спортшыларға жеңіс тіледі. Бас төреші Бұлдырты ауылының қол күресінен жаттықтырушысы Төлеген Құрашев болды.

Жалпы командалық есеп бойынша Орал қаласы І, Сырым ауданы ІІ, Қаратөбе ауданы ІІІ орынға ие болды.

Шынар Молданиязова
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале