15.05.2019, 16:22
Оқылды: 23

Күзде Юбилейныйда таза су құбыры іске қосылады

Қыркүйекте Теректі ауданы Юбилейный ауылында таза су құбыры іске қосылады. Қазірдің өзінде бес жүздей адам тұратын Юбилейное ауылында 234 тұрғын үй салынатын жер телімі кезекте тұрғандарға берілуде. Яғни, ауылдағы халық саны өседі.

 su (2)

Болашағы бар ауылға «Ақбұлақ» бағдарламасымен таза су құбыры тартылып жатыр. Қазір құрылыста қажетті техника мен 22 адам жұмыс жасап жүр. Олардың ішінде 8 адам осы Юбилейный ауылының тұрғыны.

Облыстық бюджеттен бұл іске 154 355, 0 мың теңге бөлінді. Сәуір айында басталған құрылысты салушы мердігер «KazConstructionGroup» ЖШС-ның бас директоры Мұратбек Мұхамбедиев тапсырысты дер уақытында орындап, қыркүйек айында тапсырамыз дейді. Құрылыс басындағы учаске шебері Алмаз Ахметов те осы сөзді айтып, қазір ауыл ішіндегі құбыр желілері мен су бөлетін құдықтарды көрсетті.

Су құбыры әр үйдің ауласына тіреледі, әрі қарай үйге кіргізу үшін тұрғындар өз бетімен әрекет жасайды. Айта кетеріміз, аудан аумағында су кіргізу ісіне төселген мамандар «Теректі Таза су» ЖШС бар.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

su (1)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале