8.04.2020, 17:24
Оқылды: 66

Масаң күйінде көшеде жүрген жәнібектік әкімшілік қамаққа алынды

COVID-19 вирусына қарсы әрекет етуге байланысты қабылданған шаралар, тыйымдар мен шектеулер Жәнібек ауданында да іске асырылуда.

A9D08194-EB0A-4FA2-ACED-182E414F894F

Қазіргі уақытта аудан көлемінде жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп жүргізілген түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарының нәтижесінде көптеген шектеулердің бұзылуына уақтылы тосқауыл қойылуда. Алайда аудан прокуроры Руслан Сабыровтың айтуынша, төтенше жағдай кезінде режимдi өрескел бұзғаны үшін бір адам жауапқа тартылған. Жәнібек ауылының тұрғыны М.А.М. есімді азамат жоғарыда аталған қаулыдағы шектеулерді бұзып, түнгі мезгілде мекенжайында болмай, сондай-ақ күндізгі мезгілде себепсіз ұшпа еріткіштерді пайдалану арқылы масаң күйінде көшеде жүрген. Полиция бөліміне түскен хабарлама бойынша полиция қызметкерлері күдіктінің мекенжайына барды. Тәртіпті бұзған азамат оларды бейнежазбаға түсіріп алып, оның көшірмесін «WhatsApp» мессенджеріндегі аудан аумағында ортақ құрылған топқа таратып, жариялаған. Нәтижесінде ол ауданда жағымсыз жағдай мен қоғамдық резонанс тудырды. Аудандық соттың қаулысымен М.А.М. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-тің 476-бабының 6-тармағындағы әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін он тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале