21.05.2021, 18:09
Оқылды: 145

Сақтыққа салғырт қарамайық

Короновирустық инфекцияға қарсы екпені өзім және жолдасым екеуміз ерікті түрде алдық. Жолдасым – педагог. Аудандық аурухана дəрігері алдымен қарап, сосын қызуыңды тексеріп, салқын тию белгілері жоқ болған жағдайда екпеге рұқсат береді.

Ботагөз Тлеубаева1

Екпені салатын мейірбике де қысқаша түсіндіріп, екпені алғаннан кейінгі сақтану шараларын түсіндіріп айтты. 21 күннен кейін екінші кезеңді алдым. Осы аралықта денсаулығымда жағымсыз өзгеріс болған жоқ. Сол екпені алған күні аздап дене қызуы болды. Қазір бəрі жақсы.

Жалпы, əр адам өз денсаулығына өзі жауапты жəне осы вирустың таралу қаупін сейілту үшін де екпені алған дұрыс деп ойлаймын.

Ботагөз Тлеубаева,

Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің əдіскері

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале