25.07.2021, 12:23
Оқылды: 55

  Саралжындықтар сайлауға белсенді қатысуда

 

Бүгін Бөкей ордасы ауданының саралжындық ағайын да өз таңдауын жасауда. №71 учаскеде тіркелген 550, №72 учаскеде 65  сайлаушы тіркелген.

сайлау

Мұнда да сайлау салтанатты түрде әнұранмен таңғы 07:00-де басталды.

Ауылдағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекет Ділжанов:

- Бүгін 25 шілдеде елімізде бірнеше жерде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтіп жатыр. Бұл бастаманы Президент Қ.Тоқаев 2020 жылғы  Жолдауында ұсынған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, алдағы дауыс беру науқаны саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді деп,  «азаматтық патриотизмнің шын мәніндегі шынайы көрінісі» деп атап өтті. Әкімнің  басты міндеттерінің бірі – отандастарымыздың тұрмыс сапасын арттыру мәселесін шешуде негізгі рөл атқаруы тиіс. Біз, ауылдастар азаматтық белсенділігімізді танытып дауыс берейік, белсенді болайық. Ал сайланған әкім ел сенімінен шығып, халыққа қалтқысыз қызмет етсін, - деп сөз алды.

Сайлау санитарлық талаптарға сай өтуде. Кіре берісте еріктілер қабылдап, қызуын өлшеп, тиісті шараларды жасауда.

Дәл қазір 220 сайлаушы таңдауларын жасап үлгерді.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале