28.08.2026, 12:45
Оқылды: 7

Сырым ауданында жаңа мектеп ашылды

Сырым ауданының Шолақаңқаты ауылдық округі Құспанкөл ауылында жаңа білім ордасы ашылды.

c8d668eb-0ee2-4858-8e70-dc2e54b8b8da

Құспанкөл бастауыш мектебінің жаңа ғимараты 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында қолданысқа берілді. 60 оқушыға арналған мектептің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас  Мүлкей, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В» компаниясының бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Саффуллин, Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Парасат Жұмағалиев, ардагер ұстаздар, мәслихат депутаттары, білім саласының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

74674785-a0a2-4202-b064-8acd2f493752

Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Мирас Рүстемұлы Мүлкей құттықтау сөз сөйлеп, жаңа мектептің маңыздылығына тоқталды.

- Мектептің басты құндылығы – оның әсем ғимараты немесе заманауи құрал-жабдығы ғана емес. Оның жүрегі – ұстаз. Бүгінде осы мектепте 6 педагог еңбек етсе, жаңа оқу жылынан бастап педагогтер саны 21 адамға дейін ұлғаяды.

Соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысында 30 жаңа мектеп салынды. Ал биылдың өзінде 8 шағын жинақты мектептің құрылысы аяқталды.

Құспанкөл ауылындағы мектептің тарихы 1997 жылдан бастау алады. Осы жылдар ішінде бұл білім ордасынан талай шәкірт түлеп ұшып, ел дамуына өз үлесін қосып келеді.

60 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы 2025 жылы басталды. Жобаның жалпы құны – 1 миллиард 300 миллион теңге. Осы ретте мектептің құрылысы мен жабдықталуына қолдау көрсеткен тапсырыс беруші – «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В» компаниясына, мердігер «MasterCommLogistics» ЖШС-іне және жобаны іске асыруға атсалысқан барлық азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», – деді Мирас Рүстемұлы.

b0fbe192-8dad-4a1e-9a28-77c6d4f64c28

Құспанкөл ауылындағы білім ордасының тарихы 1997 жылдан бастау алады. Осы жылдар ішінде мектептен талай шәкірт түлеп ұшып, ел дамуына өз үлесін қосып келеді. Енді ауыл балалары жаңа, заманауи мектепте білім алып, болашаққа нық қадам басатын болады.

48d8e654-aac4-49ec-96ea-891a8672df0f

Мектептің құрылысы 2025 жылы басталып, жобаға 1 миллиард 300 миллион теңге қаржы бағытталған. 60 оқушыға арналған білім ордасының құрылысы мен жабдықталуына «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В» компаниясы қолдау көрсетіп, мердігерлік жұмыстарды «MasterCommLogistics» ЖШС жүзеге асырған.

16becf6b-71d2-42a6-b3cf-64eaae6cacc8

Ашылу салтанатындағы ерекше сәттердің бірі – мектеп кілтін табыстау рәсімі болды. «MasterCommLogistics» ЖШС-інің бас директоры Таласбаев Ержан Абжатұлы білім ордасының символдық кілтін Құспанкөл бастауыш мектебінің меңгерушісі Серік Еркінұлы Қадыровқа табыстады.

07080eeb-dfde-468b-9c7f-14f01b6d51eb

Салтанатты лента қиылып, жаңа мектептің есігі ресми түрде ашылды. Ақжолтай тілектер айтылып, қонақтар жаңа нысанның ішкі құрылысымен танысты.

 

Қоңдыкер Жеңісұлы,

Сырым ауданы

9f7570b2-1886-4828-8883-7a7a261137e3 93c1d68c-5481-4e27-9048-a3c276bd3c8c

b9257b62-47c9-4640-925b-1e0b20c0d1ac

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале