29.12.2018, 16:13
Оқылды: 20

Халықаралық жарыста чемпион атанды

Мәскеу қаласында жасөспірімдер арасында грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен өткен халықаралық турнирден Ақжайық ауданына сүйінші хабар жетті.

Безымянный

          Ауданда 2004 жылы туған Зейнеп Баянова еркін күрестен 48 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Қазіргі таңда Зейнеп спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатта еркін күрес бөлімінде білім алады. Ол осыған дейін екі дүркін Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанды, 2018 жыл Азия және Әлем біріншілігіне қатысты. Ақжайық ауданында оны күрес өнеріне алғашқы болып балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Руллан Хамзин жаттықтырды.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале