4.08.2021, 18:31
Оқылды: 30

Жаңа төраға сайланды

Бөкей ордасы ауданында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVII конференциясы өтті.

nur-otan

Онлайн өткен конференцияда екі мәселе қаралды. Оның бірі – «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының төрағасын сайлау болса, екіншісі – «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.

 Облыс басшысы Ғ.Есқалиевтің ұсынысы бойынша, Орталық аппарат келісіміне сәйкес кандидатурасы ұсынылып, бір ауыздан делегаттар дауысына ие болған Нұрлыбек Даумов филиал төрағасы болып сайланды.

– Баршаңызға мені филиалдың төрағасы ретінде сайлап, Саяси Кеңес құрамына кіргізгендеріңізге алғысымды білдіремін. Алда көптеген жұмыс пен жоспар тұр. Партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын бірлесе орындауымыз қажет. Сонымен қатар партия жұмысын оңтайландыру, қоғамдық кеңестер жұмысын тиісті деңгейде атқару, партиялық жобаларды жетілдіру, партия мүшелерінің жарнасын толық орындау сынды өзекті мәселелер бар. Әр партия мүшесі партиялық жарғы талаптарын орындап, партияның имиджін көтеру бағытында жұмыс жасауы қажет. Бұл баршамыздың ортақ жұмысымыз. Осы бағытта тыңғылықты жұмыс атқарып, бірлесе еңбек етеміз деп сенемін, - деді жаңа төраға.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале