16.09.2019, 16:02
Оқылды: 189

Жаңақалада дала дәстүрін дәріптеген мәдени шара өтті

Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала мұрасы» атты этноауыл ұлттық мәдени кеш өтті.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Асқар Жомартұлы құттықтау сөз сөйледі.
Дәстүрімізді дәріптеген, салтымызды насихаттаған мәдени көпшілік шарада «Этноауылдар» шеруіне қатысушылар таныстырылды. Мұнан соң кітапхана саласының ардагері Б.Әліпқызы мен аудан әкімінің орынбасары А.Жомартұлы кемеңгер ақын Абай ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Рухани орталық алаңы думанға, сазды әуенге, күмбірлі күйге толды. Қазақтың салт-дәстүрі салтанат құрды, төрге шықты. Бейне бір өткен ғасырдағыдай қаймағы бұзылмаған қазақы ауылда жүргендей болдық. Бір ауылда айтыс болып, терме айтылса, бір ауылда билер, бір ауылда ақсақалдар өсиет айтты. Жыраулар жырдан шашу шашса, шеберлер қолөнерлерін паш етті. Тоғызқұмалақ, асық ойналып, балаға ат қойылып, домбырашылар күй шертті. ОКЖ директоры Дина Даниярқызы «Құрақ көрпе» акциясы бойынша дайындалған құрақ көрпені кітапхана мамандарының бірлесе жасаған еңбектерін көнеріп бара жатырған қолөнердің маңыздылығына тоқталды.

IMG_2198

Мәдени кешті тамашалауға келген көрермен бабадан қалған асыл мұрамыздың көріністерін көтеріңкі көңіл күймен қабылдап, тағылымы мол кештен алған әсерлерін зор ілтипатпен жеткізді. Кешті Жаңақала аудандық мәслихат хатшысы Сисенғали Закария қорытындылап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеген барлық ауылдық кітапхана мамандары мен оқырмандарды марапатталды.

IMG_2230 IMG_2234 IMG_2245
IMG_2168 IMG_2215

IMG_2273

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале