Спорт күні қарсаңында жаңақалалық түлек, қазіргі таңда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің әдіскері Қадырбек Қабдолов Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Ол – Жаңақала ауданы бойынша аталған министрлік төсбелгісін алған алғашқы спорт маманы. Кезінде аудан спортын өрге сүйреп, көптеген жас спортшылардың тәрбиеленуіне атсалысқан.

Қазіргі таңда елордада қызмет атқарып жүрсе де, туған жерден шыққан мақтаныш ретінде жаңақалалықтар үшін үлгі болуда.
Сыйлыхан Жұмасалық
Жаңақала ауданы