19.07.2021, 9:12
Оқылды: 31

Желаяқтар - Бөкей даласында

Бөкей хандығының 220 жылдығына орай Хан ордасы ауылында қалалық  «Uralsk Runners» клубының ұйымдастыруымен, аудан әкімдігінің қолдауымен, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, жүгіруден марафон өтті.

FB_IMG_1626600827726

Аталмыш спорттық іс-шараға 80-ге жуық жүгіруші қатысып, сегіз шақырымдық жолды түрлі көрсеткіштер бойынша еңсеріп өтті.
Хан ордасына ат басын тіреген марафоншыларға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов сәттілік тілеп, бұқаралық спортты насихаттаудың маңыздылығын айтып өтті.
Бұл марафонға жүгіруге тұрақты қатысып жүрген клуб мүшелері ғана емес, әр ауданның үлкенді-кішілі желаяқтарымен қатар Байқоңыр, Ақтау, Атырау т.б қалалардан арнайы келген спортшылар да қатысты.
Ең жас марафоншы 13 жастағы сайқындық Нұртілек Машан болса, ең үлкені ақсайлық 58 жастағы Қамқа Баймұқанова.

FB_IMG_1626600817688
Сонымен сегіз шақырымды  оңайлықпен еңсеріп, бірінші орынды Жарас Айтуаров талассыз иеленді.
Екінші боп мәре сызығын кескен ордалық Сұлтанбек Өтепов бұрын-соңды спорттық жарыстарға мүлдем қатыспапты. Алайда, аталмыш марафонға ерекше қызығушылық танытқан соң бағын сынап көруге бел шешіпті.
«Береке» шаруа қожалығының жетекшісі Ж.Еркін сексенге жуық жүгірушінің ішінен оқ бойы оза шауып, жүлдегерлердің қатарынан көрінген жерлес інісіне ат мінгізіп, жомарттық танытқанын да айта кетелік.
Үшінші орынға  Баубек Ильясов табан тіреді.
Әйелдер арасында Январцев ауылынан ат арытып жеткен жас спортшы Наталья Панова үздік атанса, Виктория Глотова екінші, атыраулық Амина Зинорова үшінші орынды жеңіп алды.

Арайлым Марат,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале