2026 жылдың бес айында бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алғандардың 99,8%-ы – аналар, ал әкелердің үлесі небәрі 0,2%-ды құрады. Заң бойынша бала күтіміне байланысты демалысқа ана да, әке де шыға алады. Алайда бұл құқықты іс жүзінде өте аз ер адам пайдаланып отыр. BAQ.KZ тілшісінің сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі декреттік демалыс, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың қалай есептелетінін түсіндірді.

Сурет: istockphoto.com
Қазақстанда көпшілік декреттік демалысты тек аналарға ғана қатысты ұғым деп қабылдайды. Алайда қолданыстағы заңнамада бала күтіміне байланысты демалысқа шығу құқығы тек анаға ғана емес, әкеге де берілген.
Министрліктің мәліметінше, бұл құқықты пайдаланатын ер азаматтардың саны әлі де өте аз.
2026 жылдың алғашқы бес айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем 431 002 адамға тағайындалған. Оның ішінде 99,8 пайызы – аналар, ал 0,2 пайызы ғана – әкелер.
Ведомство соңғы бес жылдағы көрсеткішті де ұсынды.
Ал биылғы бес айда бұл төлем 134 ер азаматқа тағайындалған. Олардың ішінде Алматы қаласында – 26, Шымкентте – 18, Астанада – 11 әке бар. Төлем алған ер азаматтардың жасы 22 мен 53 жас аралығында.
Декретке кім шыға алады?
Министрлік Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысты бірнеше санаттағы азаматтардың рәсімдей алатынын түсіндірді.
Атап айтқанда, жұмыс беруші:
бала үш жасқа толғанға дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
Яғни заң тұрғысынан ана мен әкенің құқығы бірдей.
Жүктілікке байланысты төлем қашан тағайындалады?
Министрлік Әлеуметтік кодекстің 77-бабына сәйкес жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемге құқық еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген күннен бастап туындайтынын атап өтті.
Ал Еңбек кодексінің 99-бабына сәйкес жұмыс орнында жүктілік және босану демалысы да дәл осы күннен бастап рәсімделеді.
Ол үшін жүкті әйел еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты жұмыс берушіге ұсынады.
Министрліктің мәліметінше, 2026 жылдың бес айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем 70 109 адамға тағайындалған.
Оған жалпы 72,7 млрд теңге төленген.
Кім қанша ақша алады? Жәрдемақы мен әлеуметтік төлем қалай есептеледі
Қазақстанда бала дүниеге келгеннен кейін отбасыларға бірнеше әлеуметтік қолдау тетігі қарастырылған. Олардың қатарында республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер бар. Бұл екі төлемнің айырмашылығы да, есептеу тәсілі де әртүрлі.
Министрліктің түсіндіруінше, барлық отбасыларға республикалық бюджет есебінен бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.
2026 жылы оның мөлшері:
Егер бір мезетте екі немесе одан да көп бала дүниеге келсе, жәрдемақы әр балаға жеке төленеді.
Жұмыс істемейтін ата-аналарға қандай төлем беріледі?
Егер бала күтімін жүзеге асыратын азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаса, яғни ресми жұмыс істемесе, мемлекет оған республикалық бюджеттен бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайын жәрдемақы төлейді.
2026 жылғы мөлшерлері:
Бұл жәрдемақылар жұмыс істемейтін азаматтарға арналған.
Ал жұмыс істейтін азаматтарға төлем қалай есептеледі?
Ресми түрде жұмыс істейтін және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары жүргізілген азаматтар үшін әлеуметтік төлемдердің есептеу тәртібі өзгеше.
Министрліктің мәліметінше, жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлем соңғы 12 айдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа қарай есептеледі.
Орташа айлық табыс соңғы 12 айдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістердің жиынтық сомасын 12 айға бөлу арқылы анықталады.
Алынған көрсеткіш кейін еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген демалыс күндерінің коэффициентіне көбейтіледі.
Бала бір жарым жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшері де әлеуметтік аударымдарға байланысты есептеледі.
Бұл жағдайда соңғы 24 айдағы орташа айлық табыстың 40 пайызы төленеді.
Орташа табыс бала туған айдың алдындағы соңғы екі жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістердің жалпы сомасын 24 айға бөлу арқылы анықталады.
Осылайша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері азаматтың соңғы бір және екі жыл ішінде ресми түрде қанша табыс тапқанына және сол табыстан әлеуметтік аударымдардың қаншалықты толық төленгеніне тікелей байланысты.
Төлемнің ең жоғары мөлшері қандай?
Министрлік әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде шекті мөлшер қолданылатынын да атап өтті.
Жүктілік және босануға байланысты әлеуметтік төлем есептелетін орташа айлық табыс жеті ең төменгі жалақыдан, яғни 595 мың теңгеден аспайды.
Ал бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері осы соманың 40 пайызы, яғни 238 мың теңгеден аспайды.
Бұл шектеу әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде қолданылады.
Әлеуметтік төлемнің кешігуіне не себеп болады?
Министрлікке азаматтардан ең көп түсетін шағымдардың бірі – әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзіміне қатысты.
Ведомствоның түсіндіруінше, егер өтініш берушінің барлық құжаттары дұрыс болса, әлеуметтік төлем 8 жұмыс күніне дейінгі мерзімде тағайындалады.
Алайда кейбір жағдайда қарау мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Бұған:
Осындай жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жұмыс берушіден немесе өтініш иесінен қосымша мәлімет сұратып, тексеру жүргізеді.
Тексеру аяқталғаннан кейін ғана әлеуметтік төлемді тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылданады.
Әлеуметтік аударымдарды алдын ала тексерген дұрыс
Министрлік ресми жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік аударымдарының уақытылы төленіп отырғанын алдын ала бақылауға кеңес береді.
Әлеуметтік аударымдар туралы мәліметті:
Ведомствоның айтуынша, әлеуметтік төлемдердің дұрыс әрі уақытылы тағайындалуы көбіне жұмыс берушінің әлеуметтік аударымдарды толық көлемде аударуына байланысты.
Бала күтімі демалысынан жұмысқа ерте шығуға болады
Еңбек кодексіне сәйкес, бала үш жасқа толғанға дейінгі жалақы сақталмайтын демалыс кезінде қызметкердің жұмыс орны толық сақталады.
Егер қызметкер бала үш жасқа толмай тұрып жұмысқа шығуды жоспарласа, онда ол жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Министрлік бұл талаптың барлық қызметкерлерге бірдей қолданылатынын атап өтті.