31.03.2021, 20:11
Оқылды: 9

Қазақстандық ғалымдардың вакциналарды әзірлеуде тәжірибесі мол және әлеуеті жоғары

60 жылдан астам тарихы бар ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты мамандарының биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, вирусология, микробиология, иммунология саласында мол тәжірибесі бар. Институт ғалымдары препараттардың 60-тан астаматауын, оның ішінде 30 вакцинаны, 16 тест-жүйені және 15-тен астам түрлі биопрепараттарды әзірлеп, енгізді.

кккк

Соңғы 10 жылда институт аса қауіпті инфекциялар бойынша отандық вакциналарды дайындау технологиясын жасады.

Қазақстан ДДҰ зертханасында клиникалық сынақтан өткен Денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцина әзірлеген әлемнің 7-ші мемлекеті болды. Сондай-ақ институт ғалымдары әлемде алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау үшін жоғары патогенді шошқа тұмауына қарсы вакцина ойлап тапты.

2020 жылы БҚПҒЗИ ғалымдары қысқа мерзімде (2,5 ай) жеделдетілген режимде түйе шешегіне қарсы вакцина әзірледі.

2020 жылдың мамыр айында Институт коронавирустық инфекциясына қарсы отандық QazCovid-in вакцинасын әзірледі, ол қазір клиникалық сынақтардың III соңғы кезеңінен өтіп жатыр.

zhaikpress.kz

Сурет interfax.ru сайтынан алынды

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале