15.04.2021, 8:48
Оқылды: 17

Коронавирусқа қарсы тағы бір қазақстандық вакцина туралы не белгілі?

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген коронавирусқа қарсы суббірлік вакцина клиникалық зерттеу фазасына жетті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.

ааа

"Институт вакцинаның басқа түрлерін де дайындап жатыр. Соның бірі - суббірлік вакцина, ол клиникалық зерттеу сатысына жетті. Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат бергеннен кейін жұмыс басталады. Біз бірнеше платформада жұмыс істейміз. Қазақстандық инактив вакцинаның үшінші фазасы 50 пайыз аяқталды", - деді Дәуленов ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар, Дәуленов коронавирусқа қарсы жануарларға арналған вакцина да әзірленетінін айтты, себебі жануарлар да коронавирус жұқтырып, оны тасымалдаушы болуы мүмкін.

Tengrinews.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале