28.04.2021, 17:40
Оқылды: 17

Норвегия басылымы «QazVac» вакцинасының ерекшелігін түсіндірді

Норвегия елінің "Steigan.no" ақпараттық-сараптамалық порталы Қазақстанда коронавирусқа қарсы шығарылған вакцина туралы мақала жариялады. Онда «QazVac» вакцинасын әзірлеу және тестілеу кезеңдері туралы егжей-тегжейлі баяндап, сондай-ақ, аталған оқиғаның мәні туралы комментарий ұсынған.

вв

«Бұл жаңалық кем дегенде бірнеше маңызды аспектіден тұрады. Қазақстанның өз вакцинасын шығаруы таңғалдырып жатқан жоқ. Өз вакцинасын шығару бағытында бірнеше ел жұмыс атқаруда. Қазақстанда осыны жүзеге асыратын зерттеушілік орта бар. Біздің ойымызша, бұл вакцинаның оқшауланып, секвенцияланған нақты COVID-19 вирусының негізінде шығарылғаны қызық болып отыр. Біздің түсінгеніміз, фармацевтикалық алыптардың ең танымал вакциналары шын мәніндегі вирус бөліндісі негізінде емес, компьютерлік модельдер негізінде шығарылады», - деп атап өтті "Steigan.no".

Басылым «QazVac» вакцинасын тәжірибелік элементтері жоқ дәстүрлі вакцина деп түйіндеді.

«Басқа маңызды ақпарат – бұл вакцина үшін сақтаудың ең жоғары температурасын қажет етпейді, оған тоңазытқыштағы қалыпты температура да жеткілікті. Бұл оны көпшілік, соның ішінде кедей елдер үшін жарамды етіп отыр», - деп түйіндеді "Steigan.no".

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале