Әлемді жайлаған пандемия басталғалы қаншама адам дүниеден өтті. Әлі де ауырып жатқандар бар. Жаман індет кезінде тек санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау ғана аурудан құтқармайды, одан қорғанудың бірден-бір жолы – вакцина.
Бұл екпе екі кезеңнен тұрады. Өз еркіммен вакцинаның бірінші кезеңін алдым. Ешқандай кері әсері жоқ. Өзімді өте жақсы сезінемін. Дәрігер енді 21 күннен соң екінші компонентін алу үшін шақырады. Вакцина – вируспен күресудің ең тиімді жолы. Осы тәсілдің арқасында індетті тоқтатып, қалыпты күндерге қайта ораламыз. Аудан тұрғындарын COVID-19-ға қарсы «Спутник V» вакцинасын алуға шақырамын.
Рашит Ибрагимов,
Жаңақала аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының басшысы