7.06.2021, 9:30
Оқылды: 7

Екпе алу – қауіпсіздік шарты

Мен коронавирусқа қарсы екпе салғызған адамдардың бірімін. Алғашында екпеге үрке қарағаным рас. Ойлана келе, екпенің адамға пайдасы болмаса, зияны жоқ екендігін түрлі ақпарат көздерінен іздестіре оқып, түсіндім. Айналамдағы вакцина салдырған таныстарымнан сұрастырдым. Сосын, ақ халаттылар алдына барып, екпе салғыздым.

куанышкалиева айнур1

Подстепное амбулаториясындағы медициналық қызметкерлер алдымен екпе алуға кедергі болар аурулар жоғын анықтап, қан қысымы, дене температурасын тексерді. Содан соң ғана екпе салынды. Ауырсыну болған жоқ. Жекелеген адамдардан «вакцинадан соң әлсіредім» дегендерін естіп жүрмін. Ол әр адамның ағзасына байланысты болар?

Жалпы, вирус қазір біресе өршіп, біресе саябырсып тұр. Қаншама сақтандым десең де, жұқтырып алу қаупі бар. Өз басым жанымда жүрген адамдардың денсаулығына қауіп төндірген өзімшілдік болады деп ойлаймын. Вакцина алу – ата-анам, балаларым, тума-туыс, әріптестерім үшін қауіпсіздік жасау шарты деп білемін. Сондықтан, екпе  салдырып, вирустың алдын алу – бірден-бір дұрыс қадам.

Айнұр Қуанышқалиева,

Подстепное мәдениет үйінің директоры

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале