13.03.2022, 16:50
Оқылды: 30

Қазақстандық конькиші Әлем кубогының финалында үздік ондыққа ілінді

Қазақстандық конькиші Надежда Морозова Голландияның Херенвен қаласында өтіп жатқан Әлем кубының финалында сегізінші болды, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

E5386DC8-DE84-4B13-BED8-0AC4473583D1

Қазақстандық спортшы 1 500 метр қашықтықты 1 минут 55,26 секундта еңсеріп, сегізінші орынға жайғасты. Морозова көш бастап тұрған спортшыдан 2,60 секунд артта қалды.

Бірінші орында – жапондық Михо Такаги, екінші орында – нидерландтық Антуанетта де Йонг, үзіктер үштігін норвегиялық Рагне Виклунд жапты.

Айта кету керек, тағы бір қазақстандық конькиші Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1 минут 58,563 секундта еңсеріп, 13-ші орынға шықты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале