Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті Х сессиясының отырысы өтті.
Сессия отырысының модераторы аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Қаменов күн тәртібіндегі мәселелерді хабарлады.
Жиынға аудандық 11 мәслихат депутатының 8-і қатысты. Алдымен аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев өзіне жүктелген функционалдық міндеттері жөнінде есебін беріп, аудан бойынша өзекті мәселелерді кеңінен қозғап, сондай-ақ шешімін тауып жатқан жұмыстарды да сөз етіп, алдағы атқарылмақ істердің жоспарларымен бөлісті.
Кейін Жаңақазан ауылдық округінің әкімі Сәдуақас Ғұбашев және Жаңажол ауылдық округінің әкімі Айбек Ишанов жыл бойы атқарылған жұмыспен таныстырды.
Содан соң аудандық мәслихат аппаратының басшысы Алтынбек Шайхиев Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы №5-11 «Жаңақала ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану жөнінде, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Гүлжан Насибуллина аудандық әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің жәнек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы баяндама жасады.
Сессия отырысы баяндамашылардың және аудандық мәслихат депутаттарының өзара сұрақ-жауап, пікір алмасуларымен қорытындыланды.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz